Academic Journal

ТАЯУ ШЫҒЫС АЙМАҒЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ-САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕМДІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ӘСЕРІ

Bibliographic Details
Title: ТАЯУ ШЫҒЫС АЙМАҒЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ-САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘЛЕМДІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ӘСЕРІ
Source: Журнал «Международные отношения и регионоведение». 53
Publisher Information: Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages, 2023.
Publication Year: 2023
Subject Terms: региональная безопасность, Asia, внешняя политика, geopolitics, 16. Peace & justice, Республика Казахстан, Араб көктемі, Ближний Восток, транспортные коммуникации, геосаясат, 'aрабская весна', regional security, transport communications, Middle East, геополитика, Таяу Шығыс, аймақтық қауіпсіздік, сыртқы саясат, foreign policy, Arab Spring, Republic of Kazakhstan, Азия, Қазақстан Республикасы, көлік коммуникациялары
Description: ХХ ғасырдың соңы - ХХІ ғасырдың басы Таяу Шығыс мемлекеттерінде күрделі де қайшылықтарға толы геосаяси өзгерістерді тудырған кезең. Ішкі және сыртқы факторлардың ықпалынан қалыптасып отырған Таяу Шығыс аймағындағы әскери-саяси жағдай, әлемдік саясатқа ықпал ететін және болашақтағы әлемдік саяси үрдістердің бағыттарын айқындайтын іргелі мәселелердің қатарына кіреді. Ірі халықаралық акторлардың геосаяси мүдделері мен өзара бәсекелестігі, Жерорта теңізі мен Қызыл теңіз, Парсы Шығанағы бойындағы жаһандық жол тораптарын бақылауға алуға деген ұмтылысы – аймақтың әскери-саяси жағдайын айқындаушы факторға айналып келеді. ХІХ ғасырда аймақтағы еуропалық елдердің геосаяси мүдделері, араб елдерінің отарлау саясатқа қарсы ұлт-азаттық қозғалысының идеологиясына айналған «ан-нахда ал-арабийя» - араб ұлттық қозғалысын жандандырған болса, ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында, аймақтағы сыртқы және ішкі факторлар ислам дінінің радикалдануына әкеліп, халықаралық терроризм және экстремизм мәселелерін күн тәртібіне шығарды. Таяу Шығыс елдері және Орталық Азияның географиялық жақындығы, аймақтардың өзара байланысының артуы Таяу Шығыс аймағындағы әскери-саяси және әлеуметтік-экономикалық, діни-конфессиялық жағдайға талдау жасаудың өзектілігін арттырады. Орталық Азия-Таяу Шығыс көлік дәліздеріне интеграциялануды көздеп отырған Қазақстан Республикасының негізгі мүдделерінің бірі – Таяу Шығыс аймағындағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі. Осы орайда, бұл мақаланың мақсаты – Таяу Шығыстағы саяси өзгерістер мен қауіптердің ерекшеліктерін, радикалды идеялардың мәні мен бағыттарын және олардың Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне әсерін түсіну мақсатында ғылыми-сараптамалық шолу жасау. Мақаланың халықаралық қатынастар және шығыстану салаларын зерттеуші жас ғалымдар үшін тәжірибелік маңызы зор. Тірек сөздер: геосаясат, Араб көктемі, Таяу Шығыс, аймақтық қауіпсіздік, Қазақстан Республикасы, сыртқы саясат, көлік коммуникациялары
Document Type: Article
Language: Kazakh
ISSN: 2710-3633
2411-8753
DOI: 10.48371/ismo.2023.53.3.005
Accession Number: edsair.doi...........90ddbcdd038dd957c86944bd0aad475c
Database: OpenAIRE
Description
ISSN:27103633
24118753
DOI:10.48371/ismo.2023.53.3.005