Academic Journal
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР
| Title: | ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДЕГІ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР |
|---|---|
| Source: | Журнал «Международные отношения и регионоведение». 52 |
| Publisher Information: | Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages, 2023. |
| Publication Year: | 2023 |
| Subject Terms: | инновация, энергия, технологии, зеленая теория, 12. Responsible consumption, экоинновация, green economy, экономика, 11. Sustainability, жасыл теория, международные отношения, eco-innovation, эко-инновация, экосистема, technologies, экология, ecosystem, экожүйе, технологиялар, international relations, 1. No poverty, инновации, зеленая экономика, green theory, innovation, жасыл экономика, economy, энергетика, 13. Climate action, 8. Economic growth, халықаралық қатынастар, ecology, energy |
| Description: | ХХ ғасырдың аяғында адамзат өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуының өткір экологиялық проблемаларының орталығында болды. Әр түрлі қарқында орын алып жатқан экологиялық проблемалар әлемнің барлық елдері, индустриалды және дамушы елдерге де тән. Бұл дәреже экономиканың даму деңгейіне және қоршаған ортаны қорғауға және оны ұтымды пайдалануға жұмсалатын шығындардың мөлшеріне байланысты. Бұл мақалада экологиялық инновациялар елдің тұрақты даму факторы, экологияға қатысты өзекті мәселелері қарастырылған. Өмір сүру сапасын арттыру үшін экологиялық жаңа тәсілдерді енгізу қажеттілігі туындады. Біз су тасқыны, құрғақшылық, өрт, температураның ауытқуы, дауыл түріндегі ауқымды табиғи ауытқулар, қоғамға қажетті өмірлік маңызды табиғи ресурстардың азаюы, сондай-ақ озон қабаты, атмосфераның газ құрамы, радиациялық ластану және т.б. сияқты адам өмірі үшін маңызды көрсеткіштердің өзгеруі сияқты жаһандық құбылыстар мен процестердің куәсі болудамыз. Эко-инновациялар, экологиялық және тиімді энергия технологияларын пайдалану аймақтың экономикалық даму деңгейіне, сонымен қатар инвестициялық тартымдылығы мен оның бәсекеге қабілеттілігіне оң әсері туыдыратынын ашып көрсетті. Болашақтың саяси күн тәртібі мен дипломатиялық тәжірибесінде экологиялық дағдарыс, оның салдары мен онымен күресу әдістері жайлы мәселелер ең маңызды орындардың бірін алады. Соңғы онжылдықтарда халықаралық қауымдастық экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған көптеген шаралары қабылданды. Көптеген көпжақты құжаттарға қол қойылды. Жылдан жылға халықаралық қатынастар жүйесіндегі экологиялық проблемаларды зерттеудің және шешудің жаңа тәсілдері шығарылуда. Мақалада осы аталған мәселелерге тереңірек зерттеу жасалынды. |
| Document Type: | Article |
| Language: | Kazakh |
| ISSN: | 2710-3633 2411-8753 |
| DOI: | 10.48371/ismo.2023.52.2.012 |
| Accession Number: | edsair.doi...........569ab0a9a5855bbd5ce1f97b6d9c01fc |
| Database: | OpenAIRE |
| ISSN: | 27103633 24118753 |
|---|---|
| DOI: | 10.48371/ismo.2023.52.2.012 |