Academic Journal
ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ КӨРШІНІҢ БЕЙНЕСІ (ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫТАЙ БЕЙНЕСІ МЫСАЛЫНДА)
| Τίτλος: | ӘЛЕМДІК САЯСАТТАҒЫ КӨРШІНІҢ БЕЙНЕСІ (ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫТАЙ БЕЙНЕСІ МЫСАЛЫНДА) |
|---|---|
| Πηγή: | Журнал «Международные отношения и регионоведение». 52 |
| Στοιχεία εκδότη: | Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages, 2023. |
| Έτος έκδοσης: | 2023 |
| Θεματικοί όροι: | экономикалық экспансия, мягкая сила, China, Синофобия, сосед, JEL codes, Қазақстан, JELкоды, neighbor, Kazakhstan, D70, жұмсақ күш, soft power, Китай, экономическая экспансия, Қытай, Казахстан, economic expansion, Sinophobia, H83, көрші, JEL кодтар |
| Περιγραφή: | Бұл мақалада автор Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының призмасы арқылы әлемдік саясаттағы көршісінің бейнесін қалыптастыру үдерісін қарастырады. Көршіні қабылдау мәселесі тату көршілік қатынастарды құру процесінде маңызды құрал болып табылады. Қазақстандық қоғамда Қытай елі мен қытай ұлтының бейнесі бір-біріне қарама-қайшы. Бұл мақалада автор екі жақты қатынастардың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін қарастыру арқылы Қытай бейнесін қабылдау эволюциясын қарастыруға тырысады. Қарастырылып отырған мәселенің өзі өзекті және қайшы тұстары жеткілікті. Бізге белгілі, Қытай негізінен теріс сипатта қалыптасты, бұл кеңестік-қытайлық қарама-қайшылықтың салдары, сондай-ақ тарихи түрде Қытай көшпелі халықтардың жаулары ретінде қабылданды. Көршінің бейнесін теріс қабылдау негізінен қатынастардың одан әрі дамуына әсер етеді, әрине, мемлекеттік деңгейде емес, жеке деңгейде. Бұл мақаланың мақсаты Қазақстандағы синофобияның қалыптасу эволюциясының мәселелеріне шолу жасау. Мақалада қазіргі жарияланымдарда Бейжің өз азаматтарының шекара кеңістігін қоныстандыруға ниет білдіре отырып, кеңейту стратегиясын мақсатты түрде жүзеге асырады деген пікірлер туралы автор кеңінен тоқталған. Алайда, көптеген фактілер мен құжаттар бұл мәселені біржақты түсіндіруге мүмкіндік бермейтінін ғылыми тұрғыда зерттеу арқылы атап өткен. Мақаланы жазу барысында тақырыпқа сәйкес Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысының ұшығуы туралы ресми құжаттар мен дереккөздер пайдаланылып, қытай, қазақ, орыс және шетелдік ғалымдардың ғылыми көзқарастарына ғаламтор көзінен алынған мәліметтерге де талдау жасалды. Жұмыстың әдіснамасына келер болсақ, зерттеуді жүзеге асыру кезінде жүйелеу, жалпылау және тарихи-этнографиялық әдістер қолданылды. |
| Τύπος εγγράφου: | Article |
| Γλώσσα: | Kazakh |
| ISSN: | 2710-3633 2411-8753 |
| DOI: | 10.48371/ismo.2023.52.2.002 |
| Αριθμός Καταχώρησης: | edsair.doi...........ca98ff66c9c7ddbccc3eb764f3cd2d0b |
| Βάση Δεδομένων: | OpenAIRE |
| ISSN: | 27103633 24118753 |
|---|---|
| DOI: | 10.48371/ismo.2023.52.2.002 |